Құрбан айтқа орай сіздің аулаңызда қой сойып жатса кімге шағымдану керек
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев елімізде құрбандық шалуға арналмаған орындарда мал сою әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын айтты.

«Әкімшілік кодекс бойынша аулада мал сою – құқық бұзушылық. Полицияға шағымдануға болады. Егер бұл сізге кедергі келтіреді деп санасаңыз, полиция органдарына хабарласыңыз», – дейді Кәлетаев.
Құрбан айт – мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі. Ол жыл сайын Ораза аяқталғаннан 70 күн өткеннен кейін мерекеленеді. Биыл Құрбан айт мейрамы тамыз айының соңына сәйкес келеді.
Жыл сайын жергілікті билік Құрбан айт кезінде мал союға арналған орындарды белгілеп отырады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"