Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құран аяттарын жатқа айтқан тотықұс жұртты тамсандырды (видео)

Тілін кәлимаға келтіріп, Құран аяттарын жатқа айтқан тотықұс жұртты тамсандырды.

Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлайды.

Қазіргі уақытта Иорданияда тұрып жатқан Мудаллиль есімді тотықұс құр сөйлеп қана қоймай,  қасиетті Құран аяттарын айтып беретіндей дәрежеге еткен. Құстың қожайыны Хусейн ас-Савалима Мудаллильдің бұл қабілетін ғажайып құбылысқа жатқызатынын айтады.

Ол Мудаллильді бір жарым жасында алып келген екен. Осы бес жыл ішінде ол тотықұсына «Ықылас», «Кәусар» және «Тәббат» сүрелерін жаттатып үлгерген. Мудаллиль, сондай-ақ, кәлимаға да тіл сындырып, күн сайын «Алладан басқа Тәңір жоқтығын, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі» екенін ап-анық ескертіп тұратын көрінеді.


Жіберіп алмаңыз:

Израильде бар етеккірі келген әйелдерге 25% көлемінде жеңілдік жасайды

Wikipedia басшысы жалған ақпараттармен күресетін сервис ашпақ

Марста судың жоқ екені расталды

Жігіт сүйіктісін кешкі асқа шақырудың ұтымды әдісін ойлап тапты

Талқылау