"Күндіз имам, түнде Иван": Әуелбекова екінші күйеуі жайлы шындықты айтты
Әуелбекова бірінші некесінің сәтсіз аяқталуына енесін кінәласа, екінші рет құрған отауының бұзылуына экс-күйеуін айыптады. Айтуынша, қызының әкесі дін жолында жүргенімен, түнгі жүрісін тоқтатпаған. Ерлі-зайыптылардың ажырасуына осы себеп болса керек, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Екінші жолдасым намазхан, тіпті умраға 7-8 рет барған. Одан бөлек, үлкен қажылығын өтеп келген "қажы" еді. Бірақ "Күндіз имам, түнде Иван" екенін көрсетті. Сол себепті имам болу немесе қажы, намазхан болу мен үшін енді мәртебе емес. Бірінші жолдасым намазхан емес еді. Ол адамда бәрі керісінше болды", — дейді әнші.
Әуелбекованың пікірінше, дін жолында жүрген азаматтардың бәріне бірдей сенуге болмайды. Сондай-ақ әнші қандай жағдайда екінші әйел болып күйеуге шығуға болатынын түсіндірді.
"Егер сіз жесір, жетім, ажырасқан, балалы-шағалы, мүсәпір болсаңыз, шариғи тұрғыда рұқсат. Ал егер сіз бойдақ жас қыз болсаңыз, ол – нәпсінің жетегі. Алған адамға да, тиген адамға да.
Негізі екінші, үшінші әйелді тек Алла разылығы үшін алуға рұқсат. Есіңізде болсыншы, намазханның бәрі жақсы адам деген сөз емес", – деді ол.
Әнші ер азаматтардан Алланың аманатына қиянат жасамауды сұрады.
"Әйел – адамның емес, тікелей Алланың аманаты. Енді ойлаңыз, Алланың аманатына жасаған қиянат үшін ақыретте жауап беру қандай ауыр болады. Сол себепті, құрметті ер азаматтар, аманаттарыңызға мұқият болыңыздар", – деді ол.