Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Күнде үйге келе береді»: Ер адам енесінен құтылу үшін үйіне үлкен бүйе алып келген

Енесінің күн сайын үйіне келетінінен мезі болған ер адам одан құтылудың амалын тапқанын айтты. Ол бұл мақсатта үйіне үлкен өрмекшіні алып келгенін айтты.

Бұл туралы ер адам шетелдік Reddit сайтында жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ер адамның сөзінше, оның қытайлық әйелмен шаңырақ көтергеніне бірнеше жыл болыпты. Оның ата-анасы кертартпа адамдар, өзгеге жағымды болудың не екенін түсінбейді, дейді ол. Өз сөзінде ер адам ата-енесі мен өз отбасының арасындағы қарым-қатынасқа шекара қоя алмай жүргенін айтты. 

«Қайынатаммен келісуге болады. Ал енем есінен адасқан адам сияқты. Күнде үйге шақыртусыз келіп, үнемі бұрқылдап жүреді», - дейді ол. 

Ер адам бірнеше ай бұрын енесінің өрмекшілерден қатты қорқатынын біліпті.

Сол кезде ол үйіне үлкен бүйе алып келуді ойға алған екен. Алайда әйеліне бүйені не үшін алып келгенін айтпаған. 

Ер адамның ойы іске асып, үйінде бүйе пайда болғаннан кейін, тек қайынатасы ғана қонаққа келетін болыпты. 

Өз кезегінде пікір қалдырушылар ер адамның жұбайы өзі-ақ бәрін түсініп, анасының шектен тыс қамқорлығын мен дау-дамайдан құтылғанына қуанған болар деп топшылады.

Талқылау