Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құмар ойынға салынған қазақ қызы о дүниеге қарызбен баруға қорқып жүр

Қазақстандық келіншек казиноға деген тәуелділігінен арылғанымен, о дүниеге қарызбен баруға қорқып жүр. Құмар ойынға салынған әйел 4 жыл ішінде көп адамнан қарызға ақша алған екен.

слезы-71

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Айман есімді бойжеткен 5 жыл бойы казинода диллер болып жұмыс істеген. Өзі жұмыстан шыққаннан кейін құмар ойынға салына бастайды. Бастапқыда 50 мың теңге салып, 3 мың доллар ұтады. Осы сәтте қуанышы қойнына сыймай, ары қарай да ойнай береді. Ол құмар ойынға салынған төрт жылдың ішінде 60 мың доллар көлемінде ақша құртқан екен. Енді осы әрекеті үшін өкініп отыр. “О дүниеге белшеден батқан қарызыммен барғым келмейді” дейді.

“17 жасымнан бастап Қапшағай қаласындағы казинолардың бірінде жұмыс істедім. Бастапқыда 3 ай тренинг болып, жасым он сегізге толған соң ресми түрде жұмысқа алды. Бойға, сырт келбетке қатысты аса жоғары талаптары жоқ. Тек картаны жылдам санай білуің керек. Ол жерде ешкім-ешкімді алдамайды. Бес жылдан кейін басқа салаға ауыстым. Бір күні қалтамда соңғы 50 мың теңгем қалды. Соны пайдаланып казиноға баруды жөн көрдім. Ең бірінші рет 3 мың доллар ұттым. Өзім қарапайым адам болғандықтан, бұдан да көп ақша ұтқым келді. Көкейімде “Ұтылып қалуым мүмкін” деген ой болмады. Шамамен осылай 4 жыл бойы ойнап келемін. Соңғы екі жылда қолымда үй алатындай ақшам болды. Бірақ сол 60 мың долларды казинода ұтқызып қойдым. Майда-шүйде дүкенде тұратын аппараттарға да ұтыла бастадым”, – дейді Айман.

Бүгінде бойжеткен шаңырақ көтеріп, бір қыз тәрбиелеп отыр. Құмар ойынға деген тәуелділігінен арылған. Енді белшеден батқан қарызын қалай қайтарарын білмей жүр. Арасында қайтадан ойнап, көп ақша ұтсам деген ниетінің болатынын да жасырмайды.

“Құмар ойынға тәуелділігім туралы ата-анам білген жоқ. Үнемі бетімді бірнәрсемен бүркеп ойнап жүрдім. Өз еңбегіммен тапқан ақшаны да құмар ойынға салып жібердім. Асылып өлмек болдым. Отбасымнан айырылып қалудың аз-ақ алдында болдым. Құдайдың маған жасаған жақсылығы шығар, ақыры бұл тәуелділіктен арылдым. Күнә тақырыбына қатысты діни кітаптарды көп оқи бастадым. Әлі күнге дейін қарыздарым бар. Сол үшін қатты өкінемін. Аяқ астынан өліп кетуге қорқамын. Ана өмірге қарызға белшеден батқан күйімде барғым келмейді. Кейде “тағы біреуден қарыз алып, ойнап көрсем, қалай болады екен?” деген ой келеді. Көп ақша тауып, барлық қарызымнан құтылғым келеді. Кішкентай баламен отырған соң ақша керек. Қиналған сәтте осындай арам ойлардың келетіні де өтірік емес”, – дейді Айман ханым.

Студияда отырған психолог мамандар оған, ең алдымен, бұл тәуелділігі туралы жақындарына айтуға кеңес берді.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Салмақ қоса алмай жүрген қазақ қызы мамандардан көмек сұрады

Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Талқылау