Құлағы саңырау зообақ күтушісі құс тілін меңгеріп, тотықұстармен достасып алған

48 жастағы Сингапур тұрғыны Разали Бин Мохамад Хабидин кішкентайынан есту қабілетінің 80%-нан айырылған. Бірақ ауру салдарынан саңырау болып қалған азаматқа бұл еш кедергі келтірмеді. Ол арнайы тілде сөйлеуді және жергілікті хайуанаттар бағындағы тотықұстармен қарым-қатынас жасауды меңгеріп алған.

Құлағы саңырау зообақ күтушісі құс тілін меңгеріп, тотықұстармен достасып алған

Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Осыдан жиырма жыл бұрын хайуанаттар бағына жұмыс істеуге келген Разали Бин Мохамад Хабидин жақында құстарға қарайтын бөлім бастығының орынбасары болды. Есту қабілетінің жоқтығы Хабидиннің жұмысын жақсы атқаруға және оннан астам бағыныштыларды басқаруға кедергі келтірмейді. Бірақ Хабидин тағы бір қасиетімен ерекшеленді.

Құлағы саңырау зообақ күтушісі құс тілін меңгеріп, тотықұстармен достасып алған

«Ол құстармен тілдесе алады. Сондай-ақ, құстарға қарап оларға не қажет екенін түсінеді»,-дейді хайуанаттар бағынының қызметкері Анджелина Лима.

Құлағы саңырау зообақ күтушісі құс тілін меңгеріп, тотықұстармен достасып алған

Ер адам құстармен тілдесу үшін түрлі тілде сөйлеуді және әртүрлі қорсылдаудан тұратын ерекше тіл жасап шыққан. Таң қаларлығы, тотықұстар оны жақсы түсінеді. Хайуанаттар бағының басқа қызметкерлері Хабидинді құстардың арбаушысы деп атайды.

Құлағы саңырау зообақ күтушісі құс тілін меңгеріп, тотықұстармен достасып алған

Бірақ Хабидин адамдармен қарым-қатынас жасау құстармен сөйлесуден әлдеқайда қиын екенін мойындайды. Өйткені ол ерін арқылы оқуға болатындығын біледі, бірақ іс жүзінде сөйлей алмай, тек ишарамен шектеліп қалады. Адамдар оны түсінбейді, бірақ тотықұстар онымен әңгімескеніне қуанады. Хабидиннің айтуынша, әрбір құстың өзіндік ерекшелігі бар.

Оқи отырыңыз:

Мальдив аралдарындағы жаңа қонақ үй меймандары акулалардың арасында ұйықтай алады (фото)

Тоңазытқыштағы жағымсыз иістен қалай арыламыз: Тұрмысқа қажетті 9 кеңес

Мамандар сағыздан аяқ киім жасап шығарды (фото)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар