Құдайберген Бекішев: Біреу Құдай бар болса, продюсер бол деп қарғаған

Өнеріне бірнеше буын куә болған, сахнадағы болмысымен өзінен кейінгі талай өнерлі ұрпаққа тәрбие берген, сахна мәдениетін үйреткен Құдайберген Бекішев бүгінде Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздықпен айналысады.

Құдайберген Бекішев

Әнші «Еуразия бірінші арнасының» “Қайырлы таң” бағдарламасында өзінің шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісіп, қазіргі эстрада сахнасы жайлы ойын айтты.

«Қазіргі таңда өте талантты, дарынды әншілеріміз көп. Қарап сүйсініп отырамын. Бірақ осы күні рухты әндерден гөрі жеңіл-желпі, халыққа тез тарайтын әндерді айтқанды жақсы көреміз. Халықтың сұранысы деп, халыққа жабуға болмайды. Халық жақсы әнді іздейді.Әсем, әсерлі, дұғалы ән айтсаң, халық оны қабылдай біледі. Бүгінгі күнді ғана емес, ертеңгі күнді де ойлауың керек. Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Шәмші ағаларымыздың әндерін 30-40 жыл бойы айтып келеді. Өлмейтін әндер. Димашымыз да Қытайға барып, «Дайдидауды» айтқанда, қазақ екенімізді, әдемі әніміз барын көрсетті, шетелді мойындатты», – дейді Бекішев.

«Өнерім – бақытым» деп есептейтін өнер майталманы қазіргі таңда «Әндер мен жылдар» жобасының продюсері.

«Баяғыда біреу қарғап еді, Құдай бар болса, продюсер бол деп. Продюсер болу оңай емес, мені ешкім қинап жатқан жоқ. Өнерде аға буынның қатарында болғандықтан, халыққа жақсы дүние болсын деген ниеттен туған жоба. Коммерциялық емес, шығармашылық бастама. «Әндер мен жылдарды» жасағандағы ойым: Құдайберген Бекішевтің атын шығару емес, қазақы көрерменге сүйікті әншілерін көрсету. Астана мен Алматы халқы қалаған әншілерін көріп, концерттеріне барып жатады. Ал 2-3 мың шақырым шалғайдағы халық өздерінің сүйікті әншілерін көре алмай жатады. Сол өнерді жеткізу», – дейді өнер иесі.

Әңгіме барысында әнші бұл жобаның ешқандай пайда табуға негізделмегенін, басты пайда «рухани байлықты жетістіру, білімді арттыру» екенін айтып өтті.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр