Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құбыланы анықтауда қиналсаңыз, енді телефон қосымшасы көмекке келеді

Күніне бес уақыт намазыңызда бағдар етіп алатын құбыланы дәл анықтау кейде қиындық тудырып жатады. Мысалы, күн райына байланысты, т.б. жағдайлар. Енді бұл мәселеде мұсылмандар алаңдамаса да болады.

Құбыланы анықтауда қиналсаңыз, енді телефон қосымшасы көмекке келеді

Ұдайы жаныңыздан табылатын қалта телефоны арқылы құбыланы оп-оңай анықтауыңызға мүмкіндік бар: Android-та Qibla Finder деп аталатын Google қосымшасын қоссаңыз болды.

Бұл жайында Mashable ақпарат көзі хабар таратты. Аталған қосымшаны орнатып, іске қоссаңыз болды – телефоныңыз арқылы қайда тұрғаныңызды анықтап аласыз да мобилді девайсты жан-жағыңызға айналдырасыз – фокуста қасиетті Қағба бейнесі шыққанша бұл әрекетіңізді жалғастыра бересіз.

 

Талқылау