Қуат Хамитов ресейлік қарсыласынан жеңіліп қалды
Владивостокте өткен Fight Nights Global аясындағы ережесіз аралас жекпе-жек сайысында қазақстандық Қуат Хамитов ресейлік Магомедсайгид Алибековтен ұтылып қалды.
Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
Жекпе-жек 5 минуттан 5 раундқа созылған. Қуат Хамитов төрешілер шешімі бойынша жеңіл салмақтағы Fight Nights-тың қазіргі чемпионынан жеңілді.
Жекпе-жек барысында төрешілердің екеуі жеңісті ресейлікке берсе, біреу тең нәтижені тіркеген. Хамитов үшін бұл Fight Nights Global аясындағы екінші жекпе-жек. Дебюттік жекпе-жекте ол 2016 жылы 16 желтоқсанда ресейлік Гаджи Рабадановты тұншықтыру арқылы жеңген болатын.
29 жастағы Қуат Хамитов осы уақытқа дейін 23 жекпе-жек өткізіп, оның 17-інде жеңіп, 5 кездесуде жеңіліп, 1 мәрте тең түскен.
Оқи отырыңыз:
Қанат Ислам ринг төрінде кішкентай балақайдың тұсауын кесті (фото)
Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді
Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)
Роналду Мадейра әуежайында өзінің “үрейді ұшыратын” ескерткішін ашты

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
