Қуанышында шек жоқ: Заттыбек ұлын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды
Жақында екінші мәрте әке атанған Заттыбек Көпбосынұлы ұлы мен жұбайын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды. Қуанышты күннің фотолары facebook желісінде жарияланды, деп жазады Stan.kz.

“Аллаға шүкір. Заттыбек ағамның ұлы Бихан батырды ел болып күтіп алдық”, – деп бөлісті Берік Сұлтан есімді желі қолданушысы.
Суретке қарап, Заттыбектің бұл күнге барынша дайындалғанын байқауға болады. Әнші арнайы ақ түсті көлік пен әнші-жыршылар, балалар жақсы көретін кейіпкерлер жалдаған.

Айтпақшы, Көпбосынұлының қуанышын бөліскен жақындарының қатарында белгілі актер Нұржан Төлендиев те бар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді