Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Рахыммен бірге хит әнді шырқаған бүлдіршін батылдығымен жұртты таңғалдырды (видео)

“Болайық бірге” әні жарыққа шыға салысымен-ақ халық арасында тез таралып, хитке айналды. Қуандық Рахым өзбек сазгерінен сатып алған бұл әнді бірнеше қызбен орындады. Ақырында әр әні хитке айналатын Ерке Есмаханға тоқталды, деп жазады Stan.kz.

Алайда Ерке Есмахан тығыз жұмыс кестесіне байланысты, Қуандықпен бірге әркез гастролдетіп жүре алмайды. Сондықтан да Қуандық аталған туындыны көрермендермен бірге орындауға “мәжбүр”.

Ел-елді аралап, концерт берген Қуандық Рахым Гүлжайна Сәдуақас есімді бүлдіршінмен бірге ән шырқаған видеосын жариялады.

“Гастролдік сапарларда неше түрлі қызықтар болды ғой. Соның бірі осы бүлдіршінмен орындаған дуэтім”, – деп бөлісті Қуандық инста-парақшасында.

Кішкентай Гүлжайна сахнаға еш дайындықсыз шықса да, Қуандықтың сұрақтарына “сақ-сақ” жауап беріп, көпшілікті батылдығымен таңғалдырды. “Болайық бірге” әнін білесің бе?” деген Қуандықтың сауалына ол: “Жартылай білемін”, – деп жауап беріп, жұртты бір күлдірді.

Қуандық та қалыспастан: “Дұрыс қой, жартысын сен, жартысын мен айтамын”, – деп Гүлжайнаға қолдау көрсетті.

@kuandykrakhym_official Қуандық Рахым жəне Гүлжайна Садуақас😊😊 Қуандық ағамыздың парақшасында да бар)))

Публикация от ⭕Шамшыр🅰к._.Садувакасо🅱а⭕ (@saduvakasova_shamshyrak)

@kuandykrakhym_official Сіңілім гой😊😊😘😘 Лайк басып кетеміз😉😉

Публикация от ⭕Шамшыр🅰к._.Садувакасо🅱а⭕ (@saduvakasova_shamshyrak)

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалимен дуэт айтқан түрік әншісі енді Еркенің “Қайда?” хитіне қол сұқты (видео)

Қарағандылықтар Сәкен мен Мейрамбекті “ішіп алып, сахнаға шықпады” деп айыптаған

Асхат Тарғын келіншегі мен ұлын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды (видео)

Шімән апа эстрада әншілерінің бетпердесін ашып, өтіріктерін жайып салды

Талқылау