Куәлігіне лақап атын жаздырып алған Ақылбек жұрттың күлкісіне қалды

Бейсенбі, 14 Шілде , 2016 12:02

Жеке куәлігінде есімін Ақылбек Жеменей деп өзгерткен әнші жұрттың күлкісіне қалды. Желі қолданушылары  әншінің бұл қылығын мақтаншақтыққа балады.

1

Фото: instagram.com/zhemeney/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Жуырда әншінің ескі куәлігінің мерзімі бітіп, жаңасын алған. Бұрынғы куәлігінде толық аты-жөні Аязбай Ақылбек Оңдасынұлы деп жазылған болатын. Әнші осы  жолы лақап атын заңдастыруды жөн көрген.

Жаңа куәлігінде тегін Аязбай, ал есімін Ақылбек Жеменей деп жаздырған. Желі қолданушылары оның бұл әрекетін сынап, мақтаншақтыққа балады.

“Екі есім жаздырып алған ба? Сонда әкесінің аты қайда қалды?”, “Руыңды да жазуға бола ма? Қатырыпсың ғой”, “Неге әкеңнің есімін жазбадың?”, “Аға, туған жеріңізді неге жауып қойдыңыз? Әлде ауыл болған соң солай еттіңіз бе?” деген сынды астарлы әзілді  жағымсыз пікірлер білдірген.

Мұнымен қатар, әншіге сәт-сапар тілеп, жаңа куәлігімен құттықтап жатқандар да болды.


Жіберіп алмаңыз:

Ақылбек Жеменей костюміне Адайдың таңбасын салып, сөзге қалды

Ақылбек Жеменей МС Сайлаубекке киім алып берді

Ақылбек Жеменей жарық сөніп қалған концертінде домбырамен құтылып кетті

Әнші Жеменей де әріптестерінен қалмаудың қамына кірісті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ондасынулы емес.Негизи Ондасынов Акылбек Аязбайулы..

  • Анонимно says:

    Енди аншилерге осы документальный атак берилу калып ед?Атын шыкпаса жер ортенин кейипи да бул

    • Анонимно says:

      Ондасынулы емес.Аязбайулы.Негизинде Ондасынов Акылбек Аязбайулы..

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар