Ақтөбе облысында олимпиадаға бара жатқан мұғалім мен оқушылар жол апатынан көз жұмды
Ақтөбе облысында мектеп оқушылары мен мұғалімі олимпиадаға бара жатып, Самара-Шымкент тас жолында апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық білім басқармасы адам өліміне әкелген апат 19 желтоқсанда сағат 8:45-те Ырғыз ауылынан 50 шақырым жерде болғанын хабарлады. 2007 жылы туған екі оқушы мен мұғалім оқиға орнында қаза болды. Олар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне бара жатқан.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тас жолда Toyota Alphard пен Volvo жүк көлігі соқтығысқанын мәлімдеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"