Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ксения Собчак Париждегі өртке "Мұхаммедтерді" айыптады 

Ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак Париждегі Құдай ана шіркеуінің өртенуінің «жаһандық себебі» туралы айтты.

Ксения Собчак Париждегі өртке "Мұхаммедтерді" айыптады 

Собчактың пікірінше, оқиға Франция билігінің солшыл саясатымен тікелей байланысты.

Осылайша, тележүргізуші «табысты адамдарды» елден кетуге мәжбүрлеген салықтың жоғарылығын, жұмысшыларды жұмыстан босату кезіндегі қиындықтарды еске салды. Ол Францияда кәсіподақтар жиі наразылық танытып, олардың сауда орындарының терезелерін «қымбат болғаны үшін» ғана шағатынын атап өтті. 

Тележүргізушінің сөзінше, болған жайт осының бәрімен тығыз байланысты.

«Бүгінде статистика бойынша әр бесінші адамның есімі Мұхаммед болып тұрғанда, мемлекеттегі бұл орынға не тұрғызылатынын білмеймін. Алайда өнер жауһарының лайықсыз санаға қызмет етпейтінін анық білемін», - деп жазды Собчак Instagram желісінде. 

Ол 2018 жылы еңбегі үшін Падма Шри сыйлығын алыпты. Бұл Үндістанның үкіметі беретін жоғары азаматтық марапаттардың дәрежесі бойынша төртіншісі саналады. 

Еске сала кетсек, Құдай ана шіркеуінің өртенгені туралы ақпарат кеше кешке пайда болған еді. Ғимараттың сүмбісі мен шатыры өртеніп кетті. Париж прокуратурасы аталған оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Талқылау