Криштиану Роналдумен “байланысы бар” деген кикбоксшы екі жылға сотталды
Гаага соты марокколық кикбоксшы Бадр Хариді екі жылға бас бостандығынан айырды. Спортшы жарты жылын түрмеде өткізеді, ал қалған мерзімін шартты түрде өтейді.

Бұл туралы 101greatgoals.com хабарлайды.
2012 жылы кикбоксшы бизнесмен Коэн Эверинкке шабуыл жасап, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Одан кейін Хари белгісіз адамның басынан гүл құмырасымен ұрған. Оқиға Амстердамда болған, марокколық спортшы Голландияның да азаматы болып келетінін айта кету керек.
2015 жылдың желтоқсанында ұлыбританиялық Mirror газеті мадридтік “Реал” мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду гомосексуалист болуы мүмкін деп жазған. Португалиялық ойыншының Мароккодағы Бадр Хариге жиі баруы осындай күдікке себеп болған еді.
Оқи отырыңыз:
Головкиннің Джейкобстен кейін кіммен кездесетіні белгілі болды
Универсиаданың ашылуына қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"