Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Криштиану Роналду «Реал» клубынан кететін болды
Мадридтік «Реал» футбол клубы шабуылшы Криштиану Роналдуды «Ювентуске» жіберуге келісетінін мәлімдеді.

Бұл туралы Еurosport басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Клубтың мәліметінше, бұл қадам португалиялық футболшының қалауы мен өтінішіне жауап ретінде жасалып отыр.
«Реал» қашанда сенің үйің болып қала береді», – делінеді клубтың ресми сайтындағы хабарламада.
Айта кетсек, Роналду «Реал» клубының құрамында 2009 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. Осы уақытта ол 438 ойынға қатысып, 450 гол соққан.
Футболшы «Реалдың» құрамында жүріп екі мәрте Ла Лиганы, 2 Кубокты және 2 рет Испанияның Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, 4 мәрте Чемпиондар лигасын, Еуропаның 2 Суперкубогын және 3 мәрте Клубтық әлем чемпионатын жеңді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен