Криштиану Роналду чемпиондық кубокпен ұлының басынан ұрып жіберді (видео)
«Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду А сериясында командасының чемпион атанғанын атап өту кезінде аңдаусызда ұлын кубокпен ұрып жіберді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде оқиға кезінде түсірілген видео тарады.
Роналду қалыңдығы Джорджина Родригес және ұлы кіші Криштианумен бірге жеңісін атап өткен. Футболшы отбасымен бірге кубокты ұстап суретке түспек болғанда оны ұстай алмай қалып, аңдаусызда ұлының басынан кубокпен ұрып жібереді. Артынша кубок қалыңдығына да тиіп кетті.
19 мамырда Италия чемпионатында «Ювентус» пен «Атланта» командалары кездесіп, тең нәтиже көрсетті. Туриндіктер 20 мамырда А сериясындағы жарыс кестесінде бірінші орыннан көрінді. Бұл команданың қатарынан сегізінші жеңісі болып отыр.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту