Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Энергетика вице-министрі екі айға қамалды

ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков екі айға қамалды. Бұл туралы Астана қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

2 наурыз күні бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен Серікбай Жұмалиновті екі айға қамау туралы  шешім шықты.

Энергетика вице-министрі Ғ. Сәдібековке «Аймақ» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Д. Дуанбекпен сөз байласып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген ерекше ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж. Нұрбеков және мердігер ұйымның өкілдері С. Жұмалинов және Б. Қадырберлин де қатысқан.

Ғ. Сәдібеков, Ж. Нұрбеков, Д. Дуанбек, С. Жұмалинов және Б. Қадырберлиндер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев: Ел мен жердің иесі ретінде Қазақстанда бәріне қазақ жауапты

Елбасы жаңа әлеуметтік бастамаларды жария етті

Қазақ журналисі: Томирис актрисасын “баяғы қазақтар көк көзді болған» дейтін күлкілі концепцияға сай таңдаған

Уағызын ашулықпен айтқанын мойындаған Абдуғаппар Сманов халықтан кешірім сұрады (видео)

 

Талқылау