Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті: Қазақстандық азаматтың терактіге қатысы жоқ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Санкт-Петербургтегі террактіге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жүрген ақпаратқа түсініктеме берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

20170404112047

 

“Террористік акт туралы ақпарат түскен бойда біз бірден ортақ жұмысқа кірістік. Бүгін Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметімен бір азаматтың ол террактіге қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Ол – Орталық Азияның тумасы. Бірақ Қазақстан азаматы емес. Бұған дейін “террористік актіге қазақстандық Максим Арышевтың қатысы бар болуы мүмкін” деген ақпарат тараған болатын. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол комитеттің бақылауына түспеген, тіркеуге де алынбаған. Ресейлік әріптестеріміз де оны террактіні ұйымдастырушысы ретінде қарастырып жатқан жоқ. Шамасы, ол – террактінің құрбаны. Себебі жарылыстың дәл ортасында болған”, – деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Нұрғали Білісбеков жақын арада террактінің ұйымдастырушысы мен оған қатысы бар азаматтар анықталуы тиіс. Сол кезде ресми ақпарат жарияланады.

Бұған дейін 22 жастағы қазақстандықтың терактіні ұйымдастырған болуы мүмкін делінген ақпарат шыққан еді.

Еске салсақ, 3 сәуір күні 14:30 шамасында Санкт-Петербургтегі “Сенная площадь” және “Технологический институт-2” бекеттерінің аралығында жарылыс болды. Нәтижесінде 11 адам қаза тауып, 40 адам зардап шекті. “Терррорлық акт” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, мамандар терактіні ұйымдастырушыны анықтауға тырысып жатыр.

Ресейдегі жарылыстан кейін Алматы метросындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Талқылау