ҚР Геология комитетінің төраға орынбасары парламенттегі тыңдауға шығар алдында қайтыс болды
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары Жақсылық Назаралы өмірден озды. Бұл ақпаратты аталған министрліктен де растап отыр.

Жақсылық Назаралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған парламенттік тыңдауға қатысуы тиіс болатын.
Алайда, шара басталар алдында ол өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырылған. Нақтыланбаған дерекке сәйкес, ол ауруханаға бара жатқан жолда өмірден озған.
53 жастағы Жақсылық Назаралы 2017 жылдың 21 тамызынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"