Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрі грант саны көп мамандықтарды жариялады

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында биылғы оқу жылындағы гранттар саны артқан мамандықтар туралы айтты.

20140809115712 (1)

Бұл туралы Вnews.kz хабарлайды.

«Биылғы жылы бакалавриат үшін 6 мың, ал магистратура үшін 3 мың орынға гранттар саны артып отыр. Негізінен біз барлық мамандықтар бойынша гранттар санының бір келкі өсуін қадағаладық», – деді министр.

Оның сөзінше, педагогикалық мамандықтарға бөлінетін гранттар саны едәуір көбірек екен.

«Орташа алғанда өзге мамандықтарға қарағанда педагогтар дайындауға 20% көбірек гранттар бөлінді», – деді ведомство басшысы.

Сағадиев гранттар тізімі жарияланғанын және бәрі қалыпты өтіп жатқанына тоқталды. Бұған қоса биыл талапкерлердің баллы тең болған жағдайда ғана «Алтын белгі» иегерлері басымдық берілетінін айтты.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысының студенттері Польшада тегін оқитын болады

Колледжде қалай тегін оқуға болады?

Ағылшын тіліндегі пәндердің мұғалімдеріне 25 пайыз үстеме жалақы төленеді

Талқылау