Көзі жоқ, аузы үлкен, тісі көп: Балық аулап жүрген ер адам біртүрлі жаратылысты тауып алды

Аустралия тұрғыны Ти Хокин Какаду ұлттық саябағының маңындағы өзеннен балық аулап жүріп, «Бөгде» фильміндегі өзгеғаламшарлыққа ұқсайтын біртүрлі жаратылысты тауып алғанын айтады.

Көзі жоқ, аузы үлкен, тісі көп: Балық аулап жүрген ер адам біртүрлі жаратылысты тауып алды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Оның сөзінше, ұзындығы 15 сантиметр болатын балықтың денесі жыландыкіне ұқсайды. Сонымен қатар оның аузы үлкен әрі тісі көп. Алайда көзі жоқ екен. 

«Оның басы мен денесі ерекше. Жыланбалықтыкіне ұқсайды. Ол тірі сияқты көрінбеді. Жыбырлап, қозғалған жоқ», - дейді Ти Хокин.

Ихтиолог Морган Гранттың топшылауынша, Хокин Amblyopinae тұқымдастарға жататын жыртқыш балықты ұстап алған. Оның өкілдері Тынық және Үнді мұхиттарының жағалау суларында, өзен сағаларында тіршілік етеді. Бірнеше түрі Аустралия жағалауларында кездеседі. 

«Олардың көзі толық дамымаған, сондықтан терімен жабылған. Осы себепті олар лайлы суларда тіршілік етеді. Шабуыл кезінде олар көзіне емес, сезім түйсігіне сенеді», - дейді маман. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр