Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көз алдымызда қараңдайтын не нәрсе

Көбіміз көз алдымызда әртүрлі қалыпта қарауытып ұшып жүрген, зер салмақ болғаныңда назарымыздан қаша жөнелетін біртүрлі денелерді байқаған болармыз?

1418983254_d0b3d0bbd0b0d0b7d0b0

Бәлкім, сіз олардың нақты атауын білмейтін шығарсыз, бірақ оларды көргеніңіз анық. «Қараңдағандар денелердің» пайда болуымен байланысты құбылыс,, кейде шыны тектес бұлдыр немесе Muscaevolitantes (ұшатын бұлдырлар – лат.) миодезепсия ретінде танымал, яғни «шыны тектес денелердің қараңдауы».

Олар нүкте немесе дақ, талшық, тор, жұлдызқұрт іспетті сипатқа ие болуы мүмкін, бұл – оптикалық иллюзия емес. Олар шынымен де көзіңізде бар және көзіңіздің сыртқы қабатының ішінде сырғып жүреді.

Олардың не екендігін, қайдан пайда болатынын түсіну үшін бізге біраз көз анатомиясына ден салу керек.

Бөтен денелер

Көздің алдыңғы дөңес бөлігі – көздің мүйізгек қабығы немесе шынайна деп аталады. Одан кейін қарашық – көз ортасындағы қара ноқат – және көздің сыртқы мөлдір қабығы, қарашық айналасындағы түсті жиек (саңылау-қарашығы бар жіңішке қозғалғыш көкет) орналасқан.

Олардың арасынан латын тілінде humor aquosus немесе көз камерасының сулы ортасы деген атауға ие  тоңба іспетті сұйықтығы бар кішкентай сыйымдылық орын тапқан.

Біздің жасымыз ұлғайған сайын көзіміздің ішкі тор қабығының алдындағы тоңба іспетті сұйықтықта «қараңдаған денелер» пайда бола бастайды.

Көздегі шыны тектес дене – бұл судан ғана тұратын  және тоңба іспетті консистенцияға ие  түссіз масса.

Шыны тектес дененің көздің сулы ортасынанан айырмашылығы – оның ешқашан толмайтындығында. Сіз туылғанда шыны тектес денедегі сұйықтық мөлшері қандай болса, өлгенде де дәл сол қалпында қалып, еш өзгермейді.

Бұл шыны тектес денеге қан немесе басқа да жасушалар сияқты бөтен заттар түсіп кетсе де олардың мәңгі сол жерде қалатындығын аңғартады.

Кішкентай бөлшектер көзден өтетін жарықты көлегейлеген уақытта, олар көздің ішкі тор қабығына кішкене көлеңкелерін түсіреді.  Бұл көлеңкелер – біз көзіміздегі «қараңдаған денелер» деп қабылдайтын денелердің дәл өзі.

Жасымыз ұлғайған сайын тоңба іспетті негіздердің біраз бөлігі табиғи түрде ыдырап, аққыш бола түседі.

Аталмыш құбылыс орын алғанда көздің шыны тектес денесін жайлаған суда еріген минералды заттардың бөлшектері жабысып қалуы мүмкін.

Олардың көздің ішкі тор қабығына біз тағы да «қараңдаған дене» сияқты көретін  ұсақ көлеңкелер түсіру мүмкіндігі бар.

Оптометристердің жасаған қорытындысына қарағанда, бұл жиі ұшырасатын құбылыс. Ұлыбританиялық мамандар жасаған тәжірибенің нәтижесіне сәйкес, ай сайын әр оптометриске орта есеппен көздегі «қараңдаған денелерге» шағымданған 14 науқасқа дейін келеді екен.

Бұдан өзге зерттеу жұмысында «қараңдаған денелер» мәселесінің таралу ауқымы қаншалықты кең екенін анықтауға смартфонға арналған қосымша қолданылған болатын. Андроид платформасындағы смартфон қолданушыларының ішінен 603 адам зерттеуге қатысып, оның 446-сы немесе 71 пайызы «қараңдаған денелерді» көретінін хабарлаған.

Алайда қатысушылардың үштен бір бөлігі ғана «қараңдаған денелердің» көздің көруіне айтарлықтай зиянды ықпалы бар екеніне шағыманған.

Зерттеушілер мен тәжірибелі дәрігерлердің басым бөлігі аталмыш нышанды аса маңызды мәселелер қатарына қоспайды, себебі көп адамдар көздегі «қараңдаған денелермен» өмір сүруге дағдыланады немесе олар өздігінен жоқ болып кетеді.

Қауіпті ем

Десе де, басқа да жағдайларда бұл құбылыс бейнетке салып қана қоймай, денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізіп немесе араға уақыт сала үлкен қиындықтарға ұшыратқан.

Мысалы, қарт адамдарда аяқ астынан «қараңдаған денелердің» қаптауы шыны тектес дененің қыртыстануының белгісі болуы ғажап емес.

Шыны тектес дененің қыртыстануы көздің ішкі тор қабығының жыртылуына, ақырында зағиптыққа алып келеді.

Жақында «Америкалық медицина ассоциацияы журналында» жарық көрген мақалада көз дәрігерлеріне аяқ астынан көздерінде «бұлдыраған денелердің» пайда болуына шағымданған науқастардың 14 пайызы көздің ішкі тор қабатының жыртылуынан зардеп шегеді деген тұжырым ұшырасады.

Бұл науқастарға шұғыл түрде көз дәрігерлерінің тексеруінен өтуіне тура келгендіктен, оны өте салмақты мәселе ретінде қарастырғанымыз жөн.

Дегенмен, көптеген адамдар көздегі бұлдыраған денелерді қиындық деп санамайды.

Оған қарамастан, ғаламтордағы үстірт ізденістер емделудің ақылға сыйымсыз (йога) жолдарынан бастап, хирургтің араласуын қажет ететін (хирургия) ақтап алуға боларлық жолдарына дейінгі түрлі тәсілдерін ұсынады.

Бір жағынан, итрий-алюминийлі гранат кристаллынадағы лазер (YAG немесе ИАГ-лазері) сынды емделуге әбден мүмкін болып көрінетін емделу тәсілдері  жоғары қауіптілікті тудырады.

Бұл құрылғының қолданысы офтольмологияда кең ауқым алғанымен, әлі күнге дейін АҚШ тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді санитарлық қадағалау Басқармасының құптауын алып, қолдауын тапқан емес.

Дэвид Сендровски және Марк Бронстайн есімді ғалымдар «Оптометрия» журналында жоғарыда аталған дертті YAG-лазерінің көмегімен емдеуге болатынын дәлелдеуге бағытталған «шектеулі клиникалық зерттеулер» жүргізіліп жатқандығын айтады. YAG-лазерінің қолданысы қауіпсіз екені дәлелденген күннің өзінде, науқастардың тек үштен бір бөлігі ғана жағдайларының «бірқалыпты» боларынан үмітті.

Бұлдыраған денелері шектен тыс көбейіп, көздің көру қабілеті төмендеген науқастарға қолданылатын аз да болсын құптарлық емдеу шаралары “витроэктомия” деп аталады.

Ол көздің шыны тектес денесінің бір бөлшегін немесе толықтай жоюдан және көз сұйықтығын тұз ерітіндісіне алмастырудан тұрады.

Бірақ витроэктомия отасы көздің ішкі тор қабығының жыртылуы мен суқараңғылыққа алып келу ықтималдығы жоғары екендігін есепке алмағанда, анағұрлым қауіптірек емдеу шарасы болғандықтан тек басқа амал қалмағанда жасалатын ота болып саналады.

Сендровски мен Бронстайн көптеген адамдарға «қараңдаған денелердің» «дәстүрлі емі» тек қолдау мен ынталандыруды қажетсінетінін жазған.

2012 жылы итальялық ғалымдардың жасаған зерттеу жұмысы басты назарды көбіміздің көздегі «қараңдаған денелерді» ем шараларын қолдануды қажетсінетін ауытқу емес, кедергі деп қана білетінімізге аударады.

Біз сияқты көпшілік уақыт өте келе «қараңдаған денелерді» көре бастауы ықтимал, бұл құбылыс, әсіресе, ашық аспанға қараған сәтте айқын аңғарылады.

«Қараңдаған денелер» бізге көз алдымызда солғын тартқанша ғана оғаш немесе ес шығаратын құбылыс болып көрінеді. Сонан соң олар көзден ғайып болады.

 

Талқылау