Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қойдың ішек-қарынын тазалап отырған Төреғалидің әйелі көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Әнші Төреғали Төреәлі жұбайы Толқынның қойдың ішек-қарынын тазалап отырғанын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қойдың ішек-қарынын тазалап отырған Төреғалидің әйелі көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Ұлы дала баласы Instagram желісіндегі парақшасында Құрбан айт мейрамының орай жазба қалдырып, мұсылмандарды құттықтады.

«Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы – Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін», – деп жазды әнші.

Өз кезегінде әнші жұбайы Толқынның видеосын жариялады.

Видеода зәулім үйдің ауласында Толқынның қойдың ішек-қарынын тазалап отырғаны байқалады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы – Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін! #ӘлиxановтарӘулеті

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Мұндай көрініске куә болған желі қолданушылары Толқынның қарапайымдылығына тәнті болды.

«Толқын ішек-қарын тазалап отыр ма? Жарайсыз. Төрештің әйелі осындай болуы тиіс. Отбасыңыза бақ-береке тілеймін», «Толқын сондай қарапайым», «Жарайсыз. Қандай адамгершілігі мол адам. Көз тимесін», «Сіз сияқты бақуатты адамдар келініне, әйеліне ішек-қарын тазалатпайды. Бәріне көніп, тазалап отырған Толқынға рахмет айтыңыз. Пейіліне қос ұл берсін»,  – дейді пікір қалдырушылар.

Сондай-ақ, желі қолданушылары жалаң аяқ жүрген Төрешке аяқ киімін әкеліп беріп, қамқор болып жүрген кішкентай қызының қылығына сүйсінуде.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау