Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коттедж тұрғызып жатқан «Жігіттер» тобының әншісі отандық құрылысшыларға өкпесін айтты

«Жігіттер» квартетіндегі Мырзахан Маханов биыл жазда еш демалмаған. Өз сөзінде әнші жуырда баспаналы болатынын айтып қалды. Ол үйге кеткен қаражатты өзбек ағайындардың қалтасына салыпты. Себебі әншінің бұған дейін ауылдағы үйін түрғызған қазақ құрылысшыларына өкпесі қара қазандай.

Мырзахан Маханов

Бұл туралы HIT.TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жаз айында демалыссыз жұмыс істеп жатқан өнер иелерінің ішінде «Жігіттер» квартетіндегі Мырзахан бар. Ол биыл үлкен істі тындырған.

«Биыл мен үшін демалыс жоқ. Себебі құрылыс басында жүрмін. Өзіме Алматыдан үй салып жатырмын», – дейді әнші.

Әзірге бұл әншінің Алматыдағы алғашқы баспанасы болмақ. Ал жаңа қонысқа кірген кезде дос-жаранға той жасамақ ниетте.

«Бұл бірінші үйім. Жер үй ғой. Кішігірім, екі қабат үй. Өзіме, шама-шарқыма болады. Арнайы қонаққа шақырамын. Бастысы, толықтай бітіріп алайын», – дейді Маханов.

Үй салу әсте оңай емес. Ара-тұра әнші құрылысты отандық құрылысшыларға емес, өзбек ағайындарға сеніп тапсырыпты.

«Өйткені біз бұған дейін ауылдағы үйімізді өзіміздің қазақ ағайындарға салғыздық. Сол кезде көрдік. Бізде жұмыс жасау жүйесі басқа. Мысалы, өзбек ағайындар таңғы сағат 5-те тұрады, 6-да жұмыстарын бастап кетеді. Біздің қазекең таңертең 8-де тұрады. 9-да не 9 жарымда жұмысты бастайды. 12-де түскі асқа шығады. Тамақ ішіп алады да, кішкене көз іледі. Сағат 3-те қайта бастайды жұмысты. 6-дан кеткенде кеш болғанын айтады. Сонда 2-3 сағаттан жұмыс істейді. Біткеннен кейін қарасаңыз, кемшіліктер шығады», – дейді әнші.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде өзбек ағайындарының еңбегі үшін ақшаны да азырақ алатынын айтты. Сол үшін де тиімді болды, дейді Мырзахан.

Бұл, әрине, бір ғана әншінің отандық құрылысшыларға берген бағасы. Оған қарап, отандық жұмысшыларымыздан әсте түңілуге болмайды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау