Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық ұстаз оқушыны балағаттағаны үшін қоғамдық жұмысқа жегілетін болды

Қостанай облыстық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оқушыны балағаттаған мұғалімге  қатысты істі қарады

Осы жылдың 23 ақпанында Қарабалық ауданындағы Бөрлі орта мектебі директорының орынбасары Ф. спорт залға 14 жасар 7 «б» сынып оқушысын шақырған.

Педагог дәлізде шу көтерген оқушыны анықтауға тырысыпты.

«Ол кәмелетке толмаған жәбірленушіні спорт зал ішімен «қаз қадамы» әдісімен жүруге мәжбүрлейді.

Бұған қоса оған балағат сөздер айтқан. Сот шешімімен педагог қылмыстық құқық бұзушылыққа барды деген қорытынды жасалды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

30 жастағы мектеп директорының орынбасарына ҚР ҚК 140-бабы бойынша 240  сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, алдағы 3 жыл бойы педагогтық қызметке орналаса алмайды. Сот үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады

Петропавлда тісін жұлдыруға барған келіншек орнынан тұра алмай жатыр

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

 

Сириядан қашып келген оралдық әйел «Ислам мемлекеті» құрамына қалай кіргенін айтып берді

Алматыда апалы-сіңлілерді өлтірген қанішер үшінші адамның көзін жойып үлгерген

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген қандастарымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

 

 

 

Талқылау