Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық шеберлер текемет жасаудың инновациялық техникасын патенттеп алған

Қостанайлық ағайынды Аңқауовтар текемет пен түскиіздің заманауи түрін жасайды. Жүн түтіп, сол арқылы суреттеріне жан бітіреді. Шеберлер ешкімдікіне ұқсамайтын өзіндік қолтаңба қалыптастырған. Өз дизайнерлік жұмыстарына инновациялық патент те алып, шетелдік көрмелерге ұсынып жүр.

3e938ef76d8192860152860fd22f348a_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Төрт ағайынды мүмкіндіктерінің шектеулілігіне қарамастан, өнердің осы түрін кәсіпке айналдырды. Өз дизайнерлік жұмыстарына инновациялық патент те алып, шетелдік көрмелерге ұсынып жүр. Суретке қажетті материалдың бастапқы түрі. Жүнді тазалап, түтіп, әбден өңдейді. Түрлі түске бояп, әр түрінен 200 граммнан кем болмайтындай етіп жинайды. Әр туындының сюжеті мен қандай өң берілетіні Арланның идеясымен жасалады. Ол бұл істі 9 жыл бұрын тәжірибе ретінде бастаған. Бертін келе қызығушылығы алғашқы табыс бере бастайды. Енді автор инновациялық техникасын патенттеп алды.
Арлан Аңқауов, дизайнер-суретші: – Қостанайда ғана емес, бүкіл Қазақстанда тіпті әлемде мұндай технология жоқ. Біздің техника жүннен дайындалады. Материал – экологиялық таза өнім. Қой жүнінен жасаймыз. Бұрын ата-бабаларымыз текемет басып, киіз жасаған ғой. Бұл соның жаңа замануи бағыты десек те болады. Жүнді ұсақтаймыз. Кесеміз. Жапсыру бағыты деп аталады. Жай ғана қызығушылық жылдар өте келе кәсіпке айналды. Қазір қостанайлық жігіттердің ұлттық бағытта жұмыс істейтін өз авторлық дизайн студиялары бар. Ұлттық нақыштағы туындылар арқылы қазақ елінің ерекше салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігін насихаттап жүр. Олар өз шеберліктерін одан әрі дамыта бермек ниетте.

Бағлан Аңқауов, авторлық дизайн студиясының жетекшісі: – Кез келген кәсіпті отбасылық бизнеске айналдырып, атадан балаға беріп отыру керектігін Президент үнемі айтады. Өйткені отбасылық кәсіп – мемлекет тұрақтылығының кепілі. Туа бітті тірек-қимыл аппаратының бұзылуы жұмысқа кедергі бола алмайды, дейді Аңқауовтар. Төрт ағайынды, түскен ауыртпашылықтан сескенбейді. Керісінше, сағаттап отырып еңбектенеді. Әр суретке бір айдай уақыт жұмсалады. Аңқауовтардың коллекциясында жүздеген туынды бар. Жақында ғана шеберлер Араб Әмірлігінде көрме өткізіп келген. Елге оралғаннан кейін жаңа туындылар салуға кірісіп кетті.

Талқылау