Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық полицей 6 ай бойы қылмыскерді танысу сайтында аңдып, қолға түсірді

Қостанай ІІБ-нің оңтүстік полиция бөлімшесі қылмыстық тергеу тобының аға детективі Жандос Айтқожин үш жылдық қызметінде мыңнан аса жоғалған азаматтар мен қылмыскерлерді тапты. Ол тіпті қылмыскерді аңду үшін жарты жыл бойы танысу сайтында отыруға мәжбүр болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайлық полицей 6 бойы қылмыскерді танысу сайтында аңдып, қолға түсірді

Полицейлер қазіргі кезде қылмыскерлерді іздестіру қиын екенін айтуда. Себебі, жазадан құтылғысы келген күдіктілер неше түрлі заманауи технологияларды қолданады. Бірақ, полицейлер де заманауи әдістерді қолданудан шетте қалған жоқ. Олар енді қылмыскерлерді әлеуметтік желі арқылы іздестіре алады.

Осындай тәсілді қолданғандардың бірі Жандос Айтқожин. Ол пробациялық бақылаудан жасырынып жүрген қылмыскерді іздеу үшін танысу сайтын пайдаланған.

Қарақшылық жасағаны үшін түзеу мекемесінде жазасын өтеген қылмыскер белгісіз бағытта жоғалып кеткен.

Ал бұл істі қолына алған Айтқожин қылмыскердің туыстарымен және таныстарымен байланысып, оның танысу сайтында жиі отыратынын білді. Содан полицей осы сайтқа жалған бүркеншік атпен тіркеліп, күдікті жауап бергенге дейін алты ай күтті.

Кейін қылмыскер оның хабарламасына жауап берген соң, Айтқожин онымен «кездесу» үшін Қарағандыға барып, күдіктіні сонда қолға түсірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау