Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жоғалып кеткен 20 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Қостанайда 20 жастағы Екатерина Пудвиль өлі күйінде табылды.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады.

“Бойжеткенді өлі күйінде тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Толық ақпарат сараптамадан соң белгілі болады”, – деді хатшы.

Оқиғаға қатысты басқа ақпарат жарияланған жоқ.

Екатерина Пудвиль 7 қараша күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бұрын бойжеткен үйінен ешқайда шықпайтын болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау