Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі сыбайластарын у беріп өлтіріп келген

Қостанай облысы Әулиекөл кентінде 2013 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ пайда болды. Оның жетекшісі Түлеков облыстық прокуратураның деректеріне сәйкес, ұйымдасқан топқа өзінің таныстарын, туыстарын, ауылдастарын тартқан.

img-20150903120845-384-640x427

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Аталмыш қылмыстық топ 226 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты салық төлемдерінен жалтару мақсатында 7 жалған кәсіпорын құрған. Келтірілген шығын 2 миллиардтан астам теңгені құрады. Кәсіпорындар Қостанай облысы және Астана мен Алматы қалаларында жалған тұлғалардың атына тіркелген.

«Кейіннен, өздерінің қылмыстық іздерін жасыру үшін Түлеков өзінің сыбайластарының бірін өлтіріп, екіншісін өлтіремін деп қорқытқан. Түлеков оларға есірткі саламын, деген желеумен улы затты егіп келген», – деп атап өтеді Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жоғарыда аталған топтың қылмыстық әрекеті ҚК 4-бабы бойынша жіктелді. Онда өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза да қолданылуы мүмкін. Тергеу барысы облыс прокуратурасының процессуалды прокурорының бақылауында болды. Барлық тергеу әрекеттері қатаң түрде заңға сәйкес жүргізілді.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 6 жасар қызды өлтірген педофил 24 жылға сотталды

Петропавлда еркек әйеліне тон сыйлау үшін дүкен тонаған

Ұялы телефон шотындағы ақша неліктен жоғалып кетеді?

Психологиялық тест: Сіз қаншалықты сараңсыз?

Талқылау