Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда психикалық ауытқуы бар адам полицейге пышақ сұғып алды

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында психикалық ауытқуы бар ер адам полицейге бағынбай, оған пышақ сұғып алды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қайғылы оқиға 16 қыркүйек күні Харьков ауылында болған. Осы күні аудандық ішкі істер бөліміне Харьков ауылының тұрғыны қоңырау шалып, ағасын облыстық психиатриалық ауруханасына жеткізуін сұраған.

“Сырқатты апаруға Меңдіқара ауданы полиция қызметінің уческелік инспекторы Уәлихан Жүсіпов жіберілді. Жүсіпов пациенттің үйіне кірген соң, келген себебін түсіндіреді. Облыстық психиатриалық ауруханасына барғысы келмеген ер адам көнбей, уческелік инспектордың ішіне пышақ сұғып алды”, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Пышақ жарақатын алған полицей Харьков ауылынан аудандық ауруханаға жеткізілді. “Полицей ауыр халде түсті. Оның артериясы, өт қабы және бауыры зақымданған. Аудандық ауруханаға жеткенше 4 литрден астам қан жоғалтқан. 4 сағат ота жасадық. Қазір жағдайы бірқалыпты”, – дейді Меңдіқара аудандық ауруханасының бас дәрігері  Марина Гизбрехт.

Сараптама қорытындысына сәйкес, пышақ сұққан ер адам шизофрения ауруына шалдыққан. Қазір ол психикалық емдеу орталығына ауыстырылды.


Жіберіп алмаңыз:

Екі жігіт тапа тал түсте шешесін сабап, қызын алып қашқан

Алматы әуежайында “өртенген ұшақ” жұрттың зәресін алды

Әйел туған қызын өртеп жібермек болған

Мүсінге шыққан сегіз жасар қыз бала құлап, ажал құшты

STAN.KZ
Бейсенбі, 28 Қыркүйек, 2017 12:59
Талқылау