Қостанайда әйел тірідей өртеніп кетті
Кеше, 5 ақпанда, Қостанайда қайғылы жағдай орын алды. Қаладағы жекеменшік үйлердің бірінде әйел тірідей өртеніп кетті.

Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«30 шаршы метр аумақта үйдің қабырғалары, едені, төбесі өртенді. Өрт сағат 19:50-де ауыздықталып, 2:04-те толық сөндірілді. Оқиға орнынан 1941 жылғы әйелдің денесі табылды», – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында 35 адам мен 7 техника жұмыс істеді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"