Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 32 жастағы кәсіпкер әйел жоғалып кетті

Қостанай облысының Лисаковск қаласында кәсіпкер Надежда Потапова бір аптадан іздестірілуде. Жергілікті прокуратура «Кісі өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

20161002000545

Бұл туралы alau.kz хабарлады.

32 жастағы Надежда Потапова 26 қыркүйекте үйінен шығып, содан бері із-түссіз жоғалып кеткен. Оны іздеуге туыстары, жергілікті колледж студенттер мен интрнат тәрбиеленушілері тартылды. Келіншектің жеке кәсібі бар әрі интернатта педагог болып жұмыс істейді.

Қазір іздестіруге полицейлер кірісті. Іздестіру жұмысы бірнеше топқа бөлініп жүргізілуде.

Лисаковск қаласы прокуроры Еркен Тайкешевтің айтуынша, қылмыстық іс қозғау тергеу және басқа да іс-шараларды жүргізуде құзыретті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жоғалған келіншек сол күні ала жолақты кофта, болонь желетке, джинси және аяғына ақ түсті мокасин киге, сонымен бірге ақ сөмкесі болған.

Надежда Потаповаға қатысты ақпаратты білетіндер болса полиция мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды: 102 немесе 8 705 185 39 59, туыстары: 8 778 499 46 04, 8 778 499 46 03, 8 (71433) 30665.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда жоғалып кеткен оқушылар табылды

Жоғалған алматылық оқушы Шымкенттен табылды

Шымкентте дәретхана құбырынан 5-6 айлық шарананың денесі табылды (фото)

Алматыда жоғалып кеткен жас ана аман-сау табылды

Талқылау