Қостанайда 18 жастағы қызды өлтірді деген күдіктінің фотороботы жасалды
Полицейлер 18 жастағы бойжеткен Дария Мохортованың өліміне кінәліні іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Ол 20-30 жас аралығындағы ер адам. Ақ футболка мен торлы қысқа шалбар киген. Облыстық ІІД баспасөз қызметі қылмыскердің фотороботын жариялады.
Бойжеткен 20 шілде күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Ертесі күні денесі табылды. Денесінде зорлық белгілер болды.
Полицейлер оқиғаға қатысты ақпарат білетін жандар болса, 102, 52-60-21, 52-60-22, 52-60-54 нөміріне хабарласуын сұрайды.
“20 шілде күні Қостанайдан Затобольскке немесе кері бағытта жүрген жүргізушілерден бейнетіркеу таспасын беруін сұраймыз”, – дейді ІІД-де.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі