Қостанай тұрғынының қармағына “тұмсықты” балық түсті
Балық аулауға барған қостанайлықтың қармағына тұмсығы бар торғайға ұқсайтын балық түскен.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
“Мұндайды көргендегі менің таңданысымды айтсаңызшы! Мен бұл балықты 29 маусымда Цыганское көлінен ұстадым, ол Зуевка ауылынан (Алтынсарин ауданы) шамамен 10 шақырым жерде орналасқан. Достарымызбен бірге барғанбыз. Бала күнімнен балық аулауды жаным сүйеді. Алпыс жылдық тәжірибемде мұндай ғажайыпты бірінші рет көруім”, – дейді тұрғын.
Балықшының айтуынша бұл балық бұған дейін де біреудің қармағына түскен. Тек үзіліп кетіп, ауыз тұсы жыртылыпты. Уақыт өте келе ол бітіп, салдарынан ерні бұртиып тұмсыққа ұқсап қалған.
“Бұрындары алып балықтарды ұстап мақтанатынбыз. Биылғы ай “торғай-балықпен” есте қалатын болды”, – дейді Александр Шибанов.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты