Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғынын атылмай қалған мылтық өлімнен құтқарып қалды

Қостанай облысында мамандандырылған ауданаралық соты 27 жастағы тұрғынның әрекетіне қатысты істі қарады. Оған “жарылғыш заттарыд, қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау”, “өлтіруге оқталу” деген айыптар тағылып отыр.

1460975495199194378-e1485667892464
2016 жылдың жаз айында айыпталушы тегіс ұңғылы қос ауыз аңшы мылтығын, 12 патронды заңсыз пайдаланған, деп хабарлайды “Алау”.

“2016 жылы 17 қараша күні түнде Жітіқара қаласында өз әйелін өлтіру мақсатында айыпталушы “Позитив” кафесіне спорттық сөмкемен келеді. Сөмкесінде патрон мен тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болған. Ерлі-зайыптылар бір-бірімен жеке сөйлескен. Олардың әңгімесі қызғаныш төңірегінде өрбіген. Айыпталушы суық қаруды қолданбақ болып бірнеше мәрте шүріппесін басуға оқталған. Алайда техникалық кемдікке байланысты ол атылмай қалған”, – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Осы кезде зардап шегуші оқиға орынынан қашып кетпекші болған. Алайда күйеуі оны ұстап, қарумен қорқытқан. Алайда қару ақыры атылмаған. Осылайша әйел ол жерден қашып шыға алған.

Оқи отырыңыз:

Астаналық оқушы мектеп маңында ашық тұрған құдыққа құлап кетті

Венецияда суға батып бара жатқан африкалықты куәгерлер қылжаққа айналдырып, кемсітті (видео)

Ақмола облысының тұрғыны сыныптас қызын өлтіріп, балаларын тірідей өртеп жіберген

ШҚО прокуратурасы қызметкері жолда жылдамдықты шектен тыс арттырып мақтанды (видео)

Талқылау