Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғыны әжетханада босанып, сәбиін шелектің ішіне тастап кетті

Қостанай облысының тұрғыны Затабол ауруханасының әжетханасында босанып, сәбиін шелектің ішіне тастап кетті.

Қостанай облысының тұрғыны әжетханада босанып, сәбиін шелектің ішіне тастап кетті

Бұл туралы alau.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

27 жастағы келіншекті аурухана іш ауруымен жеткізген. Тынығу бөлмесінде әйелден анализ тапсыруды өтінген кейін ол әжетханаға кеткен. Ал әйел әжетханадан шыққан кезде дәрігерлер күдік тудыратын бірнәрсені байқап, артынан барып тексерген. Аурухана әжетханасына кірген дәрігерлер шелектің ішінен жаңа туған нәрестені тауып алды.

«Ол жүктілігін жасырған. Яғни, ол әжетханаға барып, өзі босанған. Содан кейін жаңа туған сәбиін шелекке салып кеткен. Оның босанғаны белгілі болғанда балаға уақытында тиісті көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 7 тамызда ана мен бала облыстық ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады Қостанай облыстық ауруханасының дәрігері Юрий Моисеев.

Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау