Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында жоғалған баланың денесі кәріз құдығынан табылды

Қостанай облысында жоғалған баланың денесі қоғамдық моншаның кәріз құдығынан табылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Қостанай облысында жоғалған баланың денесі кәріз құдығынан табылды

Кеше түстен кейін жоғалған 7 жасар баланың денесі 18 қыркүйекте таңертең табылды.

«Жітіқара ауданындағы Тимирязево кентінде Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару бөлімшесінің құтқарушылары қоғамдық моншаға арналған кәріз құдығынан 2011 жылы туылған баланың денесін шығарып алды»,- делінген хабарламада.

Ақпаратқа сүйенсек, 17 қыркүйекте сағат 14-00 шамасында үйден ойнап шығып кеткен 7 жасар бала сол күйі қайта оралмаған. Ойнап жүріп, кәріз құдығына түсіп кеткен бала жергілікті мектепте бірінші сыныпта оқыған.

Жоғалған бала бес сағаттан астам уақыт бойы іздестірілді. Іздестіру амалдарына ІІД-нің құтқарушылары мен арнайы жасақ және жергілікті тұрғындар тартылды.

«Қайғылы жағдай ата-анасының немқұрайлығынан болып отыр. Ата-аналар баласының тәртібін қадағалаған жағдайда қайғылы оқиға болмас еді. Себебі, балалардың қауіпсіздігіне ең алдымен ата-анасы жауапты», – делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Талқылау