Қостанай облысында ұйықтап жатқан ананың бауырындағы бес айлық сәби көз жұмды

Қостанай облысы Сарыкөл ауылында таңертеу ұйқыдан оянған әйел баласының жансыз денесін көрген. Қайғылы оқиға 5 сәуір күні таңертең болды.

Қостанай облысында ұйықтап жатқан ананың бауырындағы сәби көз жұмды

Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сарыкөл ІІБ-на сағат тоғыздар шамасында Сарыкөл ауылындағы үйлердің бірінде сәбидің жансыз денесі табылғаны туралы хабарлама келген.

«28 жастағы қостанайлық келіншек бес  айлық сәбиін қасына емізіп жатып қалғып кеткен. Ол баласының қайтыс болып кеткенін таңертең ұйқыдан оянғанда білген. Сарыкөл аудандық ІІБ қызметкерлері әйелдің сол күні ішімдік ішкенін анықтады», – деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөліміне («Абайсызда адам өлтіру») сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: 

Ақтаулық әйелдің үйіне өмірге қауіпті өрмекші кіріп кеткен

Алматы тауларының бірінен 19 жастағы студент қыз өлі табылды

Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді

Өскемен–Алматы тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар