Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында оқушы қыз өзін зорлап тастаған көршісінен жүкті болып қалды

Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі сотында Қарабалық ауданының тұрғынына қатысты сот процесі аяқталды. Ол жергілікті мектепте оқитын 9-сынып оқушысын зорлап тастады деп айыпталған.

Қостанай облысында оқушы қыз өзін зорлап тастаған көршісінен жүкті болып қалған

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сот отырысындағы куәгерлердің сөзінше, оларға қыздың зорланғаны туралы тек жүктіліктің белгілері байқала бастағанда белгілі болған.

Олар қыздан баланың әкесі кім екенін айтуын талап еткенде, оқушы қыз өзін көршісі зорлап кеткенін мойындауға мәжбүр боыпты. Қыздың отбасы сол көршісімен бірге бір үйді екі иеге бөліп тұрған екен. Өз кезегінде қыздың анасы полицияға шағымданып, құқық қорғаушылар оны тұтқындады.

Бастапқыда ер адам барлығын жоққа шығарып, кінәсін мойындамады. Алайда оны азаматтық некедегі әйелі ДНҚ сараптамасының жасалуын талап еткен. Өз кезегінде саарптама тұтқындалған ер адамның сәбидің әкесі екенін растады.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде ер адам қызды зорлағаннан кейін, онымен тағы бірнеше рет жақын қарым-қатынаста болғаны анықталды. Алайда ер адам кейінгі кездесулерінің екі тараптың келісімі бойынша болғанын айтты.

Ер адам өз әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктен қашу үшін, сот тыңдалымы кезінде оқушы қызға үйлену туралы ұсыныс та жасады. Алайда бұл ұсынысы айыпталушыны құтқарған жоқ.

Сот шешімі бойынша, ол кінәлі деп танылып, 11,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау