Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында өгей әкесі нан жегені үшін 4 жасар баланың денесін күйдіріп тастады

Қостанай облысы Жітіқара ауданында 4 жасар ұл бала ауруханаға түсті. Баланың жамбасы күйіп, көгеріп қалған.

Баланың ауыр тағдыры жайлы әжесі Нина Айманова жазды. Ол бүлдіршіннің әкесі жағынан туысы екенін дәлелдей алмау жүр. Себебі баланың туу туралы куәлігінде әкесінің аты жазылмаған, деп жазады Қостанай жаңалықтары.

Ұлы Евгений Айнагүлмен ресми емес некеде тұрған. Бала туғанда әжесі Нина Аймановамен бірге тұрды. Көктем айында анасы Айнагүл ер адам Алмабек Елшібаевпен бірге келіп, ұлын алып кетеді. Үш патадан соң ұлын жүгімен бірге вокзалға тастап кеткен. Әжесіне немересін қалдырып кеткенін ескерткен.  Бірнеше айдан кейін ұлын қайта алып кетеді. Одан кейін баланы аулаға тастап кетіп қалады. Осылай оқиға бірнеше рет қайталанды.

“Ол кезде баланың саусақтары күйген. Немерем анасының оттықпен күйдіргенін айтты. Ал, телефонмен сұрағанда анасы баланың пешке өзі күйіп қалғанын айтты”, – дейді әжесі.

Ал, бүлдіршін әжесіне түнгі уақытта өзі ата-анасының үйіне кіргізбей қойғанын, қараңғы шкафқа қамап қойғанын, шашын жұлып жазалағанын айтып жүреді.

Жітіқара прокуроры Еркін Тайкешов бұл істің бақылауда екенін атады. Баланың өткізген сараптама нәтижесі дайын емес. Өгей әкесіне қатысты іс қозғалды.

“Мен оны қорқытқым келіп, пешке жақындаттым. Ол айқайлағанда жібердім. Оны рұқсатсыз нан алғаны үшін ғана жазалаған жоқпын. Ол мені тыңдамайтын. Анасын да тыңдамайды. Айнагүл жүкті кезде оны ұрып жіберді. Екі айдай жай сөзбен түсіндірдім. Бірақ ол мүлде түсінбейді. Аурухана апаруға ұялдым. Қазір де ұялып тұрмын. Істеген ісіме өкінем” , – дейді Алмабек Елшібаев.

Жітіара аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Бимағамбетова баланың әкесінің кім екенін заңды көрсету үшін сотқа өтініш беріп, ДНҚ сараптамасын өтуі тиіс екенін айтты.

Аураханада карантин алынған соң баланы аудандық балаларды қолдау орталығына апарады. Егер анасын аналық құқығынан айыратын болса, бала облыстық балалар үйіне жіберіледі.

Ал, қазір оқиғаға қатысты “Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау” бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау