Қостанай облысында ер адам екі әйел мен 14 жастағы қызды зорлап тастамақшы болды
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Бірінші май ауылында өткен сенбіде үш әйел азаматшаны зорламақ болған белгісіз ер адам ұсталды.

Бұл туралы “Наш Костанай” басылымы хабарлайды.
Басылымның жазуынша, ер адам қасынан өткен әйелдерге бас салып, оларды зорламақшы болыпты.
Бастапқыда зардап шегушілердің барлығы кәмелетке толмағандар деген ақпарат шыққан. Алайда Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған ақпаратты жоққа шығарды.
“Зардап шеккендердің арасында тек бір ғана кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз бар. Қалғандары 1963 және 1983 жылғы әйелдер. Қазіргі таңда 28 жастағы күдікті ұсталып, зорлық жасауға әрекеттенді және есірткі сақтады деген күдікпен айыпталып отыр. Сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалады”, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметкері Елена Кашарина.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады