Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында бойжеткен досын өлтіріп, үйін тонап кетті

Рудныйда дастархан басында отырып ішімдік ішкен достардың отырысы кісі өлімімен аяқталды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қостанай облысында бойжеткен досын өлтіріп, үйін тонап кетті

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға ағымдағы жылдың тамыз айында болған. Сол күні кешке Рудный тұрғыны екі таныс құрбысын кездестіріп қалып, көңілді отырысты жалғастыру үшін оларды үйіне шақырады. Қыздар да оның ұсынысына бірден келіседі.

«Шамамен сағат 01.00-де ішімдік ішу кезінде ер адам мен қыздардың бірі сөйлесу үшін дәлізге шығып кетеді. Әңгіме барысында олардың арасында жеке қарым-қатынасқа байланысты жанжал туындаған. Жанжал кезінде қыз оны өлтіргісі келіп, ас үйге пышақ алуға барады. Үстелден пышақты алған бойжеткен дәлізге оралып, жас жігіттің кеуде тұсына үш рет пышақ сұғып алған. Ал ауыр пышақ жарақатын алған жігіт сол жерде көз жұмды», – деп хабарлады облыстық сот.

Бірақ, қыздар жас жігітті өлтіріп қана қоймай, оның үйін де тонап үлгерген. Біреуі газ плитасын, екіншісі – жәбірленушінің қалтасындағы ақшасын ұрлап кеткен. Енді олар жасаған қылмыстары үшін сот алдында жауап береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау