Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай балабақшасында екі бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиеші тек айыппұлмен құтылды

Қостанайдың әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты үш жасар екі бүлдіршінді мүгедек еткен бұрынғы балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бейнебақылау камерасынан түсірілген

Оған қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды:

Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ӘҚБтК 73-1 бабы 1-бөлігі);

Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау  (ӘҚБтК 73-2 бабы 1-бөлігі).

Сот жәбірленушінің 23 ақпан күні 2021 жылы туған баланы ұрып, денсаулығына жеңіл зиян әкеп соқпаған физикалық ауырсыну тудырғанын анықтады. Екі күннен кейін, 27 ақпанда, ол 2021 жылы туған тағы бір балақайдың денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген. 

Екі іс бір өндіріске біріктірілді.

Әйел кінәсін толықтай мойындады. Сот әйелдің құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын әкімшілік жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Жазаны ауырлататын мән-жай анықталмады. 

Нәтижесінде, сот қаулысымен К. кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК – 92 300 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау