Косметиканы жақсы көремін: Боянып алып, әдемі болуды үйретіп жүрген қазақстандық жігіттер өз әрекетін түсіндірді

Әдемі болудың қыр-сырын үйрететін еркектер көбейіп кетті. Оларды тіпті, бір көргенде жігіт емес, қыз деп қаласыз. Әлеуметтік желіде бьюти блогер жігіттерден көз сүрінеді. Нәзік жандарға арналған курс ашып, әдемі амал-айласын асыратын азаматтар неге көбейді?

Косметиканы жақсы көремін: Боянып алып, әдемі болуды үйретіп жүрген қазақ жігіттері өз әрекеттерін түсіндірді

Сурет: Еуразия бірінші арнасы/скриншот

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Еліміздегі “бьюти блогерлердің” бірі павлодарлық Әділ. Жасы 19-да. Бүгінде ол әлеуметтік желіде аса танымал. Тіпті, арагідік өзінің тренингтерін өткізіп тұрады. “Сылқым жігіт” сұлулыққа бала кезінен жаны құмар болғанын айтады.

Косметиканы жақсы көремін: Боянып алып, әдемі болуды үйретіп жүрген қазақ жігіттері өз әрекеттерін түсіндірді

“Шынымды айтсам, мен косметиканы жақсы көремін. Тіпті, бояну менің қолымнан өте жақсы келеді деп есептеймін. Қазір маған дөрекі сөздер жазып, балағаттайтындарға күлкім келеді. Мен өзімнің сүйікті ісіммен айналысып жатырмын. Сондықтан да олардың пікірі маған маңызды емес” – дейді бьюти-блогер Әділ Хэйнс.

Ал қызылордалық Асылжан Болаттың сұлулық индустриясына келгеніне көп болмаған. Ол арада екі жыл өткесін барып визажист болуға бекініпті. Басымнан өткен түрлі қиындыққа қарамай, мойымай, арманымды орындауға күш салдым, дейді ол.

Косметиканы жақсы көремін: Боянып алып, әдемі болуды үйретіп жүрген қазақ жігіттері өз әрекеттерін түсіндірді

«Әйелдің, еркектің жұмысы деп бөлінбейтін сияқты. Бірақ, біздің Қызылорда қаласында кішкентай қалашық болған соң, минталитет басқаша болғанан кейін, кішкене түсінбеушіліктер болды. Өзіңе жақсы жарнама жасасаң жақсы жетістікке жетесің» – дейді бьюти-блогер Асылжан Болат.

Қазіргі таңда екінің бірі әлеуметтік желіде танымал болуды армандайды. Алайда, дәл осындай жолмен жалпақ жұртқа жаққысы келтіндердің әрекетін біздің қоғамда қабылдай алмайтындар жетіп артылады. Мұндай пікірді ұстанатындар ер адамдардың опа-далапқа, бетін жылтыратып, алдамшы сұлулыққа құмар болуын қазақ минталитетіне жат деп есептейді.

«Кореяның, Еуропаның сондай сырға таққан еркектері өте жиіркенішті. Қыздарша еркектер сәндену ол деген масқара. Еркек еркек болуы керек!» – дейді журналист Бақытбол Берімбай.

Ал психологтар жігіттердің қыз мінезді болып өсуіне қоғам кінәлі деп есептейді. Себебі, жаһанданы дәуірінде отбасыда әкенің рөлі құлдыраған көрінеді. Салдарынан, ұлдарымыз ер мінезді болудың орнына, нәзік жандармен бәскеге түсуде.

«Бұл – көбінесе ажырасқан отбасында, әкесінің қамқорлығы жоқ болса, әкесінің психологиялық тұрғыда қолдауы жоқ болса, ол көбіне қызға тән, яғни гармониялық белсінділігі әйел адамға ұқсас болып кетеді» – дейді психолог Балжан Нұрғалиқызы.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі кейбір жігіттеріміздің бойында ерге тән жігерден гөрі, әйелдік энергия басымырақ. Сондықтан да бұл тенденция өскелең ұрпақ үшін қорқынышты дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар