Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшеде телефон ұрламақ болған ұры бойжеткеннен оңбай таяқ жеп қалды (видео)

Бразилияда ұры өзінің серігімен бірге 22 жастағы Сабрина Лейтке жақындап келіп, телефонын беруін талап еткен. Алайда бойжеткеннің оған берген соққысынан кейін, ұрының өзі көмек сұрауға мәжбүр болды.

Көшеде телефон ұрламақ болған ұры бойжеткеннен таяқ жеп қалды (видео)

Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бойжеткен Манаус қаласындағы өзінің үйінің маңында жүрген. Осы кезде 18 жастағы ұры оған тап беріп, телефонын қолды қылмақ болады. Алайда ұрының әрекетінен қорықпаған қыз оған телефонын беруден бас тартып, артынша соңынан қуа жөнеледі.

Бойжеткен жас жігітті қуып жеткеннен кейін, оған 4 жыл бойы джиу-джитсу сабақтарында үйренген әдістерді қолданған. Нәтижесінде жерге құлап түскен жігіт айқайлап, көмек сұрай бастады. Өз кезегінде Сабрина оған қолын сындыратынын айтып қорқытқан.

Ал сол маңда болған адамдар оқиғаны видеоға түсіріп алыпты. Бойжеткен ұрыны полиция келгенше 20 минут бойы ұстап тұрған.

Сабринаның сөзінше, ол ұрылардың өзімен бірге қаруы жоқ екенін байқаған. Сонлдықтан оларды жазалмақ болыпты.

«Олардың қолында ештеңе жоқ екенін көрдім. Сондықтан осылай жасадым. Егер олар қаруланған болса, мұндай әрекетке бармас едім», – дейді Сабрина Лейт.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау