Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Көршілеріне қоңырау шалып, көмек сұраған: ШҚО-да әйел өз үйінде тірідей өртеніп кетті
ШҚО-ның Парыгино аулында мүгедек әйел үйіндегі өрт кезінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
20 қыркүйекте таңғы сағат 05:00 шамасында 60 жастағы әйелдің үйінде өрт шыққан. Бұл кезде ол үйінде жалғыз болыпты.
Құтқарушылардың сөзінше, әйелдің мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, өздігінен үйінен шыға алмаған. Ол көршілеріне қоңырау шалып, үйінен шығуы үшін көмек сұрапты. Алайда қызыл жалынның үйді тез жалмағаны сонша, адамдар өртке оранған үйге кіре алмады.
Ал өрт сөндіру бөлімі ауылдан 35 шақырым жерде орналасқан екен. Сондықтан өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, үй түгі қалмай жанып кеткен. Ал үйде болған әйел тірідей өртеніп кетті.
Өрт аумағы 80 шаршы метр аумақты қамтиды.
Алдын ала нұсқа бойынша, өрт электр құралын дұрыс пайдаланбағаннан немесе от тұтқан кездегі абайсыздық салдарынан пайда болған болуы мүмкін.
Талқылау

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
1 қазанда Blue Origin NS-36 миссиясымен ғарышқа ұшатын экипаждың құрамын жариялады. Онда қазақстандық Данна Қарағұсова да бар

"15 түрлісін іштім": Қазақстандық әйел нутрициологтың берген БАД-ынан кейін өлім аузынан қалған
Тоғжан: "85 мың теңгеге анализ тапсырдым"