Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көрпеге орап тастап кеткен: Алматыда көлік қаққан 5 жасар бала ауыр жағдайда жатыр

Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан.

Көрпеге орап тастап кеткен: Алматыда көлік қаққан 5 жасар бала ауыр жағдайда жатыр

Полицейлер баланы қағып кеткен болуы мүмкін жүргізушіні анықтады. Ол қаладан қашып кетпеген болса, жақын уақытта тұтқындалатын болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыдағы құқық қорғау органының қызметкері Шығыс айналма жолда орнатылған бақылау камераларының көмегімен күдіктілерді анықтау мүмкін болғанын айтты.

«Жақын уақытта  кінәлі адамды ұстауға мүмкіндік бар», – дейді құқық қорғау органының қызметкері.

Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың сөзінше, зардап шеккен балаға барлық көмек көрсетілген.

«Соған қарамастан, баланың жағдайы өте ауыр. Ол дәрігерлердің бақылауында. Олар баланың жанынан бір минутқа болса да шықпайды», – дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләйла Кеңесбаева.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балаға 2 ота жасалған.

Ал әлеуметтік  желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау