Қорқыныш пен ғажайып: Италиялық азамат Астанада көпір аркасымен жүрді (видео)

Дүйсенбі, 14 Тамыз , 2017 14:01

Итальяндық каскадер  Витторио Брумотти велосипедіне мініп, Астана көпірінің биік аркасын бағындырды.

photo_40114

Astana ProTeam велокомандасының баспасөз хатшысы Дина Ибраева Sputnik Қазақстан агенттігіне Брумотти трюгінің анық-қанығын баяндап берді.

Оның сөзіне сүйенсек, Брумотти Қазақстанға “Тур ЭКСПО” веложарысы аясында келген. Оның келуі құрметіне арнайы клип түсіріліпті, соның үзіндісі интернетте жарияланған болса керек.

“Әлбетте, көпірден велосипедпен түсейін деген ойы жоқ болатын. Бұл өте тік көпір. Аркаға ақырын жылжып шықты. Оның өзі оңайға түскен жоқ. Майканың бір жағымен өзін, екінші жағымен велосипедті байлап алды. Жоғарыға шыққан соң, велосипедке мініп біраз жүрді. Дронмен тамаша видео түсірген. Содан кейін оператор да жоғары шығып, түсірілімді жалғастырды. Жалпы қалада бірнеше жерде клип түсірдік. Хан Шатырдың төбесінде, Пирамиданың қасында, “Нұржол” бульварінде. Клип тамаша болып шықты. Екі аптадан соң ресми нұсқасы жарыққа шығады”, — деді Ибраева агенттікке.

Айта кетелік, отыз бес жастағы информатика пәні мұғалімі Витторио Брумотти бірнеше мәрте Гиннестің рекордтар кітабына енген, велотриал бойынша 2006 жылғы әлем чемпионы.

Ол 2012 жылы Дубайдағы аспанмен таласқан Бурдж-Халифа ғимаратына велосипедімен 2 сағат 20 минутта шыққан болатын.

My #stunts in #astana #kazakhstan #brumotti #roadbike #nofear #adrenaline @proteamastana @brumottistar

Публикация от 100%BRUMOTTI! stuntman (@brumottistar)

Тағы да оқыңыз:

Ер адам өз үйінде ұсталып қалған әйелі мен көңілдесін атып тастады

Мүгедек қырғыз жігіті анасына салмақ салмау үшін Ақтөбеде қарттар үйінде жатыр

«Тастандылар» үйіндегі «Алтын белгі» иегері: Балаларымның бақытты болғанын тілеп отырамын (фото,видео)

Сілекейдің жараны емдейтіні расталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар