"Көргендер болса хабарласса екен": Тележүргізуші Сәуле Әбединованің інісі жоғалып кетті
Сәуле Әбединова жоғалған інісіне іздеу салып, ІІМ-нен көмек сұрайды. Тележүргізушінің ағасының Досжан есімді баласы жоғалып кетті.

Алматыдан Астанаға кеткеніне 2-3 жыл болған. Ара-арасында ауылына, Алматыға келіп-кетіп, туыстарына қоңырау шалып, хабарласып жүрген. Соңғы айларда мүлде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Соңғы телефон нөмірі 8 708 180 0284 болған, бүгінде "тіркелмеген" нөмірлер қатарында. Досжанды танитындар, жақын арада көргендер, қайда жүргенін білетіндер болса, +7 707 570 9407 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймын. Барлық әлеуметтік желілерге, чаттарға таратуларыңызды өтінемін", - деп хабарландыру жазды тележүргізуші желіге.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады